Мәзір
Күрес

Түркиядағы дәстүрлі турнирде отандық балуандар 2 алтын алды

Сабина Асқарқызы 71 қаралым
Түркиядағы дәстүрлі турнирде отандық балуандар 2 алтын алды

Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен Олимпиада чемпиондары Яшар Догу, Вехби Эмре мен Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі жарыста екі жерлесіміз 2 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды,

Жарысты бастаған грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшылары осылайша 4 медаль олжалады.

Атап айтқанда, Юсуф Ашрапов (-72 кг) пен Бағдат Сабаз (-67 кг) финалда жарыс қожайынын айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. 

Ал Еркебұлан Ардақов (-63 кг) және Рахат Бержанов (-97 кг) өз салмағында үшінші сатыға тұрақтады.

Нәтижесінде Қонысбек Төкенов баптайтын Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 104 ұпаймен 3-орынға тұрақтады.

Биыл турнирге әйелдер күресінен отандастарымыз бармады. Алдағы күндері бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады.

 

 

 

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар