457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті

Жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер құрамасы 10 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Түркістан қаласында өткен ересектер арасындағы қазақ күресінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Дүбірлі додада құрлықтың түкпір-түкпірінен келген мықтылар боз кілемде бақ сынап, өз салмақ дәрежелерінде үздіктерді анықтады.

Биылғы біріншілікке Азияның 13 елі – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Непал, Филиппин, Бангладеш және Қазақстаннан барлығы 150-ге жуық балуан қатысып, жанкүйерлерге тартысты белдесулер сыйлады.

Жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер құрамасы 10 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының балуандары ел намысын абыроймен қорғады. Үш спортшының екеуі чемпион атанып, бірі күміс жүлдегер болды. Атап айтқанда, 82 келі салмақ дәрежесінде Кәрім Асылжан мен +100 келідегі Қайсар Шамшидинов алтын медаль иеленсе, әйелдер арасындағы бәсекеде 70 келіде сынға түскен Ақбота Қыдырәлі күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша түркістандық балуандар туған топырақта өткен Азия чемпионатында жоғары нәтижемен көзге түсіп, қазақ күресінің абыройын тағы бір мәрте асқақтатты. Ал Түркістан қаласы халықаралық деңгейдегі спорт орталығына айналып келе жатқанын тағы бір дәлелдеді.


Жалпыкомандалық есеп:
І орын - Қазақстан (10 алтын, 4 күміс, 2 қола, 360 ұпай)
ІІ орын - Өзбекстан (4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 250 ұпай)
ІІІ орын - Қырғызстан (1 алтын, 4 күміс, 2 қола, 189 ұпай),

Фото: Түркістан облысының әкімдігі