Мәзір
Күрес

«Төрт жігіт үмітімізді ақтамады»: Мадияр Құрамысов Загребтегі әлем чемпионаты жайлы пікір білдірді

Сабина Асқарқызы 90 қаралым
«Төрт жігіт үмітімізді ақтамады»: Мадияр Құрамысов Загребтегі әлем чемпионаты жайлы пікір білдірді

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы үшін Загребтегі әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне жарыс қорытындысы жайлы пікір білдірді:

«10 салмақта екі палуанымыз ғана қола жүлдеге қол жеткізді. Оның бірі – 61 келіде белдескен Асылжан Есенгелді, екіншісі – 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов. Жалпы алғанда, әлем чемпионатына барған төрт жігітіміз үмітті ақтамады. Атап айтқанда, Азамат Дәулетбеков, Болат Сақаев, Әлішер Ерғали, Ризабек Айтмұқаннан жүлде күттік. Кемінде бір медаль алатын мүмкіндіктері болды. Жеребе де сәтті түскен еді. Жоспар бойынша 4–5 жүлде аламыз деп ойлағанбыз», – деді Мадияр Құрамысов.

 

Фото: ДРС

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар