Тирана турнирі: Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова жеңімпаз атанды
Қазақстан құрамасы Албанияның Тирана қаласында өткен рейтингтік турнирде кезекті медальдарын жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Беделді жарыста ел қоржынына алғашқы алтын жүлделерді Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова салды.
Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол үндістандық Приянши Пражапаттан басым түссе, Лаура Алмағанбетова 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанып, шешуші белдесуде украиналық Лилия Маланчукты тізе бүктірді.
Сонымен қатар, еркін күрес шеберлері Азамат Даулетбеков (92 келіге дейін) пен Ризабек Айтмухан (97 келіге дейін) қола жүлдемен жарысты аяқтады.
Фото: ҰОК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған