Мәзір
Күрес

Танымал балуан қазақ күресінен жастар құрамасына аға жаттықтырушы болды

Сабина Асқарқызы 107 қаралым
Танымал балуан қазақ күресінен жастар құрамасына аға жаттықтырушы болды

Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының бұйрығымен Нұрым Сәлімгереев қазақ күресінен Қызылорда облысының жастар арасындағы аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Нұрым Сәлімгерейұлы – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол қазақ күресінен әлем кубогының иегері, сондай-ақ «Еуразия барысы» және 5 дүркін «Сыр барысы» атақтарының иегері атанған.

Бұған дейін Нұрым Сәлімгереев басқармаға қарасты теннис спорт мектебі директорының орынбасары қызметін атқарған.

Басқарма мәліметінше, енді ол жастар арасында қазақ күресін дамытуға, спортшылардың халықаралық және республикалық жарыстарға тұрақты түрде қатысуына, сондай-ақ олардың нәтижелі көрсеткіштеріне жауапты болады.

Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар