Мәзір
Күрес

Танымал балуан Дәулет Ниязбеков жастар құрамасына бапкер болды

Сабина Асқарқызы 81 қаралым
Танымал балуан Дәулет Ниязбеков жастар құрамасына бапкер болды

Еркін күрестен Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға бапкері қызметіне Дәулет Ниязбеков тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстанның күрес федерациясы ресми түрде мәлімдеді.

Дәулет Шораұлы – еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі тәжірибелі балуан. Ол ұзақ жылдар бойы ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап, Олимпиада ойындарына (Лондон-2012, Токио-2020) қатысқан.

Сондай-ақ ол әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы атанған.

Айта кетейік, Дәулет Ниязбеков бозкілемдегі спорттық мансабымен қатар, бапкерлік қызметті де қатар алып жүрген. Ол бұл салада 13 жылдан астам тәжірибе жинақтап, әр жылдары балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, ұлттық құрамада және күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында еңбек еткен.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар