457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкентте қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Шымкент қаласындағы «Жеңіл атлетикалық манежде» ересектер арасында қазақ күресінен ел чемпионаты өз мықтыларын анықтамақ.

23-27 қараша аралығында Шымкент қаласындағы «Жеңіл атлетикалық манежде» ересектер арасында қазақ күресінен ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Чемпионат бағдарламасына сәйкес балуандар 16 салмақ дәрежесінде белдесіп, 68 медаль мен чемпиондық кубокты сарапқа салады.

Айта кетейік, қазан айының соңында Түркістан қаласында ересектер арасындағы қазақ күресінен Азия чемпионаты өткен болатын. Құрлықтың түкпір-түкпірінен келген мықтылар боз кілемде бақ сынап, өз салмақ дәрежелерінде үздіктерді анықтады.

Биылғы біріншілікке Азияның 13 елінен – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Непал, Филиппин, Бангладеш және Қазақстаннан барлығы 150-ге жуық балуан қатысып, көрермендерге тартысты белдесулер ұсынды.

Сондай-ақ, аталған өңірде күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогы өтті. 

Фото: ашық дереккөзден