Мәзір
Күрес

Шымкентте қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты басталды

Сабина Асқарқызы 228 қаралым
Шымкентте қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкентте қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Іс-шарада Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбек, Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов және Шымкент қаласы Qazaq Kuresi федерациясының президенті Асхат Әбдіжәмилұлы сөз сөйлеп, спортсүйер қауымды жарыстың басталуымен құттықтап, балуандарға сәттілік тіледі.

Шара барысында Дамир Әсенғазыұлы қазақ күресінің белгілі өкілі Айдос Ғалымовқа қазақ күресі спорт түрінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағының төсбелгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыстады.

Айдос Қайратұлы – қазақ күресінен 2 дүркін Әлем чемпионы, 4 дүркін «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы және 3 мәрте Қазақстан чемпионы.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 өңірінен келген 500-ге жуық балуан қатысуда. Жарыс 16 салмақ дәрежесінде өтуде (ерлер – 8, әйелдер – 8).

Чемпионат Qazaq Kuresi Ассоциациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. 

Бүгінгі жарыс күнінде 70, 77, +77, 90, 100 және +100 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар кілемге шықты.

 

"Қазақ күресі" федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар