Мәзір
Күрес

Сурдлимпиада ойындарында тағы екі жүлде қоржынға түсті

Сабина Асқарқызы 135 қаралым
Сурдлимпиада ойындарында тағы екі жүлде қоржынға түсті

Отандық балуандар Қайратхаан Шонқу мен Рамазан Әбдрасіл Сурдлимпиада ойындарында күміс және қола медаль алды.

Бүгін Сурдлимпиадада грек-рим күресінен бәсекеде Рамазан Әбдрасіл (97 кг) жұбаныш белдесуінде Арарат Саргсянды 13:5 есебімен жеңіп, қола медальге ие болды.

Сонымен қатар Қайратхаан Шонқу (130 кг) грек-рим күресінен финалдық белдесуде NDA (бейтарап ел) спортшысы Алексей Шемаровтан жеңіліп, күміс жүлдегері атанды.

Бұған дейін Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар