457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сурдлимпиада ойындарынан жетінші алтын қоржынға түсті

67 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде ол ирандық палуан Мехди Бакшыны 11:1 есебімен жеңді

Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алды.

67 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде ол ирандық палуан Мехди Бакшыны 11:1 есебімен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Ақтық сынға дейін Андрей жоғары деңгейдегі өнер көрсетті.

Алғашқы айналымда қырғызстандық Дінмұхамед Бигелдиевті 5:2 есебімен ұтса, ширек финалда болгариялық Дилиан Димитровты 8:0, ал жартылай финалда армениялық Жора Грегориянды да 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Андрей Самарин - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тумасы. Жасы - 21-де. Ол 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ 2024 жылы Малайзияда өткен Х Азия–Тынық мұхит ойындарының чемпионы атанған. Осы жеңістің нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 14-ке жетті. Оның ішінде 7 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі