Шұғыла Өмірбек жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшысы Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық балуан финалда Түркия елінің өкілі Туба Демирмен кездесіп, шешуші белдесуде 12:8 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Шұғыла Өмірбек әлемдік аренада өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстан әйелдер күресінің тарихындағы маңызды жеңістердің бірін жазды.Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатыр. Турнирге әлемнің түрлі елдерінен үздік жас балуандар қатысуда.
Фото: Біріккен күрес әлемі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған