Мәзір
Күрес

Шерзод Давлатов Линц Гран-приінде қола жүлдеге ие болды

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
Шерзод Давлатов Линц Гран-приінде қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Австрияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысында ел қоржынына алғашқы жүлдені салды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта белдескен ол қола жүлде үшін күресте отандасымыз Аман Бақытжанды жеңді.
Шерзод Давлатов іріктеу кезеңінде өз тобының үздігі атанған болатын. Алайда, оны жартылай финалда Украина спортшысы Дильшот Халматов тоқтатты. Осылайша, бүгін жарыс жолында ол барлығы 5 кездесу өткізіп, төртеуін жеңіспен аяқтады.

Әйелдер арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін күресте Нидерланд балуанына жол берді. 
Айта кетерлігі, бұл әлемдік Гран-при жарысына 59 елден 479 дзюдошы қатысуда. Жарыс 8 наурызға дейін созылады.

Фото: IJF

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар