Мәзір
Күрес

Самалай Ерғалиева Ислам елдері ойындарында қола жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 184 қаралым
Самалай Ерғалиева Ислам елдері ойындарында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Самалай Ерғалиева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Самалай қола жүлде үшін өткен белдесуде Иран өкілі Самира Кхакахты жеңді. Осылайша Ислам ынтымақтастығы ойындарын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге бейін) және Ержан Еренқайыпов (66 келіге дейін) күмістен алқа таққан болатын.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар