457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Садулаев америкалық лигадағы келісіміне қатысты сынға жауап берді

Белгілі балуан Instagram желісіндегі парақшасында  өз шешімінің дұрыстығына сенімді екенін және отандастарының қолдауын сезініп отырғанын мәлімдеді.

Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев америкалық Real American Freestyle (RAF) ұйымымен келісімшарт жасасуына байланысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды malimsports.kz

Белгілі балуан Instagram желісіндегі парақшасында  өз шешімінің дұрыстығына сенімді екенін және отандастарының қолдауын сезініп отырғанын мәлімдеді.

RAF ұйымы 15 қаңтар күні Садулаевпен келісімшарт жасалғанын ресми түрде хабарлаған болатын. Ал Ресей спорттық күрес федерациясының басшысы Михаил Мамиашвили бұл шешімді «онша дұрыс емес қадам» деп бағалаған еді.

«RAF лигасымен келісімшартқа қол қоюым әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерді қуантты. Алайда, өкінішке қарай, бұл жаңалық кейбіреулер үшін көңілсіз қабылданды», – деп жазды Садулаев.

Балуан соңғы жылдары түрлі елдерден спорттық азаматтығын ауыстыру жөнінде бірнеше мәрте ұсыныс алғанын, бірақ өз еліне адал болып қалатынын атап өтті. Оның айтуынша, өзі үшін басты басымдық әрдайым Ресей чемпионаты, Еуропа және әлем біріншіліктері сияқты ресми ұлттық және халықаралық жарыстар болып қала береді.

Садулаевтың пікірінше, RAF лигасында өнер көрсету - оның спорттық әлеуетін толық іске асыруға және ресейлік күрес мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеуге үлкен мүмкіндік.

«Мен бұл шешімнің дұрыс екеніне сенімдімін және еліміздің әр өңірінен жанкүйерлердің қолдауын сезініп жүрмін», - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, 29 жастағы Абдулрашид Садулаевтың спорттық қоржынында 2016 және 2020 жылы өткен Олимпиада ойындарының алтын медальдары, әлем чемпионатының алты мәрте жеңісі және Еуропа біріншілігінің төрт чемпионы атағы бар. Ол қазіргі заманның ең атақты әрі табысты еркін күрес шеберлерінің бірі саналады.

Фото: Global Look Press