Мәзір
Күрес

Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Сабира Жанаберген 200 қаралым
Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Еркін күрестен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Айтмұхан 2025 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Араш Ёшидамен белдесті. Өкінішке қарай, Ризабек қарсыласынан айласын асыра алмады.

Белдесу 0:10 есебімен Ёшида пайдасына аяқталып, қазақ балуаны ауыр жеңіліске ұшырады. Екі балуан бұған дейін екі мәрте жолығып, екеуінде де жапон спортшысы Ризабекті Азия чемпионаттарында жолдан екі рет ығыстырған болатын.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар