Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ризабек Айтмұхан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде жерлесіміз U20 әлем чемпионы, ирандық Аболфазил Бабалодан 7:1 есебімен басым түсті.
Ризабектің жарыс жолы:
Іріктеу кезеңі — Ибрахим Бенеколи (Түркия) – 11:1
1/8 финал — Аймар Егиноа (Испания) – 10:0
¼ финал — Гарроуз Куекабакила (АҚШ) – 11:0
Жартылай финал — Араш Йошида (Жапония) – жеңіліс
Айта кетсек, Ризабек Айтмұхан 2024 жылы осы біріншілікте барлық қарсыласын тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанған болатын.
Сонымен қатар, Қытайда өткен таеквондо бойынша әлем чемпионатында Айдана Құмартаева да қола медаль иеленді.
Фото: Спорт комитеті