457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ризабек Айтмұхан PWL 11 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен PWL 11 (Professional Wrestling League) турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

97 келіге дейінгі салмақта қазақстандық балуан ресейлік Алихан Кцоевпен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Айтмұхан бастапқыда 1:2 есебімен ұтылып жатқанымен, соңғы сәтте таразы басын өзіне аударды.

Шешуші ұпай белдесудің аяқталуына небәрі бес секунд қалғанда тіркеліп, отандасымыз 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, Кцоев – Хадарцевтер турнирінің екі дүркін жеңімпазы. Ал бұған дейін Мәскеуде өткен PWL 10 турнирінде ол америкалық Джей Айеллоны жеңген болатын.

Еске сала кетейік, биыл 13 ақпанда Бішкек қаласында өткен Super 4 Wrestling турнирінің финалында да Ризабек Айтмұхан қарсыласын 3:0 есебімен ұтқан еді.

 

Фото: ҰОК