Мәзір
Күрес

Ризабек Айтмұхан мен Начын Куулар үшін әлем чемпионаты аяқталды

Сабина Асқарқызы 224 қаралым
Ризабек Айтмұхан мен Начын Куулар үшін әлем чемпионаты аяқталды

Хорватия астанасы Загребте еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бүгін бозкілемге шыққан екі спортшымыз Ризабек Айтмұхан (-97 кг) мен Начын Куулар (-65 кг) жүлдеге қол жеткізе алмаған. 
Начын Кууларды 1/8 айналымда жеңген Ибрагим Ибрагимов (UWW) ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Котаро Киёокадан ұтылып қалды. Ал Ризабек Айтмұхан есе жіберген Магомед Курбанов ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновтен ары өте алмады.
Осылайша, Ризабек пен Начын ертеңгі жұбаныш кезеңіне қатыса алмайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар