Мәзір
Күрес

Ризабек Айтмұхан күміс жүлдені қанағат тұтты

Сабина Асқарқызы 190 қаралым
Ризабек Айтмұхан күміс жүлдені қанағат тұтты

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты.

Жерлесіміз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ризабек ақтық сында ирандық Амир Али Азарпирамен күресті. Тартысқа толы белдесуде Иран спортшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ал қазақстандық балуан жарысты екінші орынмен аяқтады.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар