Ризабек Айтмұхан ауыр салмақта Қазақстан чемпионатында топ жарды
Тараз қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U15 және U23 Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
23 жасқа дейінгі ерлер арасында еркін күрестен 125 кг салмақта жеңімпаздар анықталды. Қазақпараттың жазуынша, әлем чемпионы және Азия чемпионы Ризабек Айтмұхан бұл жолғы ел чемпионатында жаңа салмақта бақ сынады.
Қорытындысында, Ризабек ақтық сында Әлімжан Сәлімжанды мерзімінен бұрын жеңіп, 125 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.
Сонымен қатар, Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling турнирінде жеңімпаз атанды.
Фото: United World Wrestling
Африка кубогындағы дау: Сенегал чемпиондықтан айырылып, жеңіс Мароккоға берілді
Ең көп оқылған