457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ризабек Айтмұхан АҚШ-та өткен RAF 10 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен RAF 10 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл жолы қазақстандық балуан америкалық Хейден Зилмермен белдесті. RAF промоушеніндегі алғашқы кездесуін өткізген АҚШ спортшысына қарсы өткен тартысты бәсекеде Ризабек 6:4 есебімен басым түсті.

Белдесу жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өтті. Аталған дивизионның қазіргі чемпионы – америкалық Кайл Снайдер.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан америкалық промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде дәл осы Кайл Снайдерге жол берген болатын. Сондықтан бұл жеңіс қазақстандық балуан үшін ерекше маңызға ие.

Ризабек Айтмұхан – 2023 жылғы әлем чемпионы. Сонымен қатар ол Азия чемпионаттарында үш мәрте күміс жүлдегер атанған.

Ал Хейден Зилмер ұзақ жылдар бойы АҚШ құрамасы сапында күресіп келе жатқан тәжірибелі балуандардың бірі саналады.

 

Фото: instagram/rr1zabek