Ризабек Айтмұқанның Албаниядағы турнирдегі қарсыласы анықталды
25 ақпан мен 1 наурыз аралығында Албания астанасы Тиранада өтетін беделді халықаралық турнир – Muhamet Malo Ranking Tournament аясында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның (97 кг) алғашқы қарсыласы анықталды.
Іріктеу кезеңінде Айтмұхан грузиялық балуан Андро Маргишвилимен белдеседі.
Бұл жекпе-жек турнирдің ең қызықты қарсыласуларының бірі болмақ.
97 келі салмақта әлемдік деңгейдегі бірқатар атақты балуандар бақ сынайды. Атап айтқанда:
Абдулрашид Садулаев (Ресей)
Кайл Снайдер (АҚШ)
Магомедхан Магомедов (Әзербайжан)
Ризабек Айтмұхан (Қазақстан) – Андро Маргишвили (Грузия) – квалификация
Айтмұхан/Маргишвили жұбының жеңімпазы – Вики Вики (Үндістан) – 1/8 финал
Спортшы туралы дерек:
Туған күні: 29 сәуір 2004 жыл
Туған жері: Қызылжар ауданы, Кішкенекөл ауылы (СҚО)
Өкілі: Астана
Жеке бапкері: Канат Жолдасбай (әкесі)
Халықаралық жетістіктері:
Азия чемпионаты U-15 – қола (2019, 75 кг)
Азия чемпионы U-23 – 2 дүркін (2022, 2023 – 92 кг)
Азия чемпионаты – 3 дүркін күміс жүлдегер (2023 – 92 кг; 2024, 2025 – 97 кг)
Әлем чемпионаты U-20 – күміс (2023 – 92 кг)
Қазақстан тарихындағы еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы (2023 – 92 кг)
Әлем чемпионы U-20 (2024 – 97 кг)
Әлем чемпионы U-23 (2024 – 97 кг)
Әлем чемпионаты U-23 – қола (2025 – 97 кг)
Исламиада финалисі (2025 – 97 кг)
Super 4 Wrestling коммерциялық турнирінің жеңімпазы (2026 – 97 кг)
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Фото: Біріккен күрес әлемі
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған