Мәзір
Күрес

Ризабек Айтмұқан Ислам ойындарында Олимпиада чемпионын жеңді

Сабина Асқарқызы 135 қаралым
Ризабек Айтмұқан Ислам ойындарында Олимпиада чемпионын жеңді

Ислам ынтымақтағы ойындарында еркін күрестен 97 келіде өткен бәсекелердің жартылай финалдық кездесулерінде қазақстандық Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновтен (Бахрейн) басым түсті, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Бұл кездесуде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіп, 15:3 есебін тіркеді. Енді ол финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Әмір Әли Азарпирамен күреседі. 

Ризабек Айтмұқан іріктеу кезеңдерінде мысырлық спортшы Мохамед Салахеддиннен 10:0 есебімен басым түссе, ширек финалда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әзірбайжандық Магомедхан Магомедовті 12:2 есебімен жеңді. 
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
 
 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар