Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында іріктеу кезеңінде Ризабек Айтмұқан есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ризабек Айтмұхан 97 келіде сынға түсіп, UWW құрамасының балуаны Магомед Курбановке (UWW) 5:4 есебімен жол берді. Енді Магомед Курбанов финалға шықса ғана Ризабек ертең жұбаныш кезеңіне қатысатын болады.
Ал ресейлік легионер Начын Куулар (-65 кг) қытайлық палуанды айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионатының сәтті бастады.
Бұған дейін ұлттық құрама балуандары арасында Асылжан Есенгелді (61 кг) мен Нұрқожа Қайпанов (70 кг) қола жүлдеге ие болған еді.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі