Қызылордада әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға пәтер мен автокөлік табысталды

Қызылордада грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиға ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев чемпион балуан мен оның бапкерін арнайы қабылдап, марапаттады. Салтанатты рәсім барысында Айдос Сұлтанғалиға облыс орталығынан пәтер кілті мен жаңа автокөлік табыс етілді. Ал спортшының бапкері Ғабиден Райымбекке де пәтер кілті берілді.
Әкім құттықтау сөзінде Айдостың жеңісін күллі елдің мерейін үстем еткен тарихи жетістік деп атап өтті.
Айта кетейік, 2025 жылдың 20 қыркүйегінде қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ал 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды жеке құттықтап, жеңісі үшін алғыс білдірді.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі


Ең көп оқылған
