Қызылордалықтар Айдос Сұлтанғалиды салтанатпен қарсы алды

Қызылорда жұртшылығы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Хорватия астанасы Загреб қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали 60 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, ширек ғасырдағы тарихи жеңістің иегері атанған еді.
Осыған орай, бүгін «Қорқыт ата» атындағы халықаралық әуежайда жерлесіміз Айдос Сұлтанғалиді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы, облыстық басқармалар, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, спортшылар, жаттықтырушылар және сырбойылық жанкүйерлер қатысты.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы Айдос Сұлтанғалидің тарихи жетістігімен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді.
Бүгін барша Сыр өңірі жұртшылығымен бірге ерекше тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Жерлесіміз Айдос Сұлтанғали Әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, қазақ спорты тарихында алтын әріппен жазылатын үлкен жеңіс сыйлады. Батыр ұлымыз Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта грек-рим күресінен Әлем чемпионатының финалында белдескен санаулы қазақ балуандарының бір болса, осы ғасырда алтыннан алқа тағып, жеңіс тұғырынан көрінген алғашқы спортшымыз атанды. Осы орайда жерлесіміздің жарқын жеңісіне себепші болған бапкерлеріне, ата-анасына және спортшыларға шексіз алғысымды білдіремін. Қазақ елінің, Сыр өңірінің атын шығаратын чемпиондарымыз көп болсын, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Фото: ҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы


Ең көп оқылған
