Қырғыз балуаны әлем чемпионатының финалында күреседі

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қырғыз балуаны финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қырғызстандық Бекзат Алмазұлы финалға дейінгі төрт белдесуде қарсыластарынан басым түсті. Ол іріктеу бәсекелерінде Канада, Жапония, Македония және Өзбекстан балуандарын қапы қалдырды. Енді ол әлем чемпионы атануы үшін Солтүстік Корея балуаны Чонсон Ханмен күреседі.
Айта кететін жайт, бұған дейін Қырғызстан құрамасынан 70 келіде Ерназар Ахмадалиев қола медальға ие болған еді.
Қазақстан балуандары арасында Асылжан Есенгелді (61 кг) мен Нұрқожа Қайпанов (70 кг) қола медальға қол жеткізді.
Фото: gettyimages.com


Ең көп оқылған
