457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қуат Хамитов басшылық қызметке тағайындалды

Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы Алматы облысы күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Федерация жаңа қызметке кіріскен Қуат Хамитовқа сәттілік тілеп, оның отандық күресті дамытуға, жас балуандарды қолдауға және спорт саласының дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы ресми ММА жекпе-жегін биылғы ақпан айында Грузияда өткізді. Сол кездесуде ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен бразилиялық Алан Силваны жеңген болатын.

 

Фото: instagram/kuat__khamitov

Ең көп оқылған