457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Qingdao Grand Prix 2025: Қазақстан дзюдошылары Қытайда күреседі

Дәстүрлі дзюдо Гран Приіне ел құрамасынан 8 балуан сынға түспек.

Қазақстан дзюдошылары Қытайда өтетін Qingdao Grand Prix 2025 турнирінде күреседі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Дәстүрлі дзюдо Гран Приіне ел құрамасынан 8 балуан сынға түспек. Халықаралық дзюдо қауымдастығының ресми сайтында тіркелген дерек бойынша Қазақстан құрамасының -90, -100, +100 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде күресетін балуандары бұл сында күреспейді.

Ерлер құрамасының тізімі:

60 кг: Дәурен Сүйеукенов, Алдияр Қарғұлов

66 кг: Нұрмұхамед Ботабай, Ердәулет Бозша

73 кг: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы

81 кг: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек

Qingdao Grand Prix 2025 бәсекесіне 26 құрлықтан 175 татами шеберлері қатысады деп күтіліп отыр. Оның ішінде 98 дзюдошы ерлер санатында бәсекеге түседі. Ал еліміздің әйелдер құрамасының аспанасты еліндегі жарысқа қатысатыны туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Қазақстан дзюдошылары маусым айында Венгрияда өткен әлем чемпионатына қатысып, жалғыз күміс медальмен оралған еді. Аталған жүлдені әйелдер құрамасының өкілі Абиба Әбужақынова (48 кг) иеленді.