Мәзір
Күрес

Қазақстанның екі балуаны U17 әлем чемпионатының финалына шықты

Сабина Асқарқызы 47 қаралым
Қазақстанның екі балуаны U17 әлем чемпионатының финалына шықты

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының финалына шықты, деп жазады malimsports.kz. 
48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас финалға жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан Армения өкілі Арарат Аветисяннан 4:1 есебімен басым түсті. Енді шешуші белдесуде Ресей спортшысы Солтан Юсуповпен күш сынасады.
55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі алтын медаль үшін белдеседі. Жартылай финалда грек-рим күресінің шебері Болгария өкілі Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы – Венгрия спортшысы Кеве Ковач болмақ.
Айта кетейік, финалдық белдесулер бүгін, 28 шілдеде өтеді.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар