457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның әйелдер күресінен құрамасы Беларусьтегі халықаралық турнирге қатысады

Халықаралық турнирге сегіз елдің балуандары қатысып жатыр.

Бүгін Беларусь Республикасының Мозырь қаласында әйелдер күресінен халықаралық турнир басталды. Екі күнге созылатын жарысқа Қазақстан құрамасы барлық 10 салмақта спортшыларын қосты, деп хабарлайды malimsports.kz

Ұлттық құрама сапында төмендегі балуандар бақ сынайды:

50 келі – Лаура Ғаниқызы;

53 келі – Ғазиза Рысалды;

55 келі – Алиана Махамбетова;

57 келі – Алтын Шағаева;

59 келі – Эльмира Сапарбекова;

62 келі – Жасмина Искандарова;

65 келі – Қызжібек Жарқынбаева;

68 келі – Бейбіт Сейдуалы;

72 келі – Жібекжан Сабыржанова;

76 келі – Алина Ертөстік.

Халықаралық турнирге сегіз елдің балуандары қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде барлық салмақта іріктеу және жартылай финалдық белдесулер өтсе, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ертең анықталады.

Қазақстандық балуандар бұл турнирде халықаралық тәжірибе жинап, алдағы ірі жарыстар алдындағы дайындық деңгейін сынайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы