Мәзір
Күрес

Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Grand Slam турнирін жүлдесіз аяқтады

Сабина Асқарқызы 100 қаралым
Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Grand Slam турнирін жүлдесіз аяқтады

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан Grand Slam ірі халықаралық турнирі аяқталды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлде ала алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Финалдық кезеңге дейін тек Ерасыл Қажыбаев жетті. Ол 100 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін белдесті.

Алайда жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Қазақстандық балуан әзірбайжандық Джамал Гамзатхановқа жол берді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі жарысы 6-8 наурыз аралығында Австрияда өтетін Гран-при турнирі болмақ.

Фото: IJF

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар