Қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілікті
Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошысы Ержан Еренқайыпов допингке байланысты халықаралық жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) ресми рейтингінде жарияланды.
Спортшының аты-жөні ұйымның рейтингтік тізімінен алынып тасталған. IJF деректеріне сүйенсек, Ержан Еренқайыпов 2023 жылы Азия кубогының ашық турнирінде чемпион атанған. Алайда кейінгі халықаралық жарыстарда сәтсіз өнер көрсетіп, бірнеше рет жеңіліске ұшыраған. Соған қарамастан, ол Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлде иеленіп, нәтижесін қайта жақсартқан болатын.
Қазақ күресінен шыңдалып, кейін дзюдоға ауысқан тәжірибелі балуан соңғы жылдары ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. Ол алғашында 60 келіде белдескен. Кейін 66 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанып, Азия чемпионаттары мен Grand Slam турнирлеріне қатысып жүрген.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған