Қазақстандық балуандар U20 Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі (U20) Азия чемпионатында еркін күрестен жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнін екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады.
61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек финалда үндістандық Пушпты жеңіп, Азия чемпионы атанды.
74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков те алтын медаль жеңіп алды. Шешуші белдесуде ол ирандық Мохаммад Мамивандтан басым түсті.
92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали финалда түрікменстандық Довлетгельды Мурадовқа есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Ал 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола медаль үшін өткен белдесуде үндістандық Сахил Далалды айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының сапынан 70 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Сейдахмет пен 97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов күміс жүлдеге ие болса, 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола медаль жеңіп алған еді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған