457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық балуандар U-17 әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері Әділет Рысбай мен Мардан Орынбасар қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Рысбай үшінші орын үшін өткен белдесуде Түрікменстан өкілі Мекан Хыдайбереновті 6:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола медалін еншіледі. Қазақстандық балуан жүлдеге жұбаныш белдесулері арқылы қол жеткізді.

Ал 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мардан Орынбасар қола медаль үшін болған кездесуде Грузия спортшысы Давит Мдзевашвилиден 5:2 есебімен басым түсті. Ол да жүлдеге жұбаныш кезеңіндегі жеңістерінің арқасында қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық еркін күрес шеберлері Бакуде өтіп жатқан U-17 әлем чемпионатында ел қоржынына тағы екі қола медаль салды.

 

Фото: jekpejek.kz