457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық балуандар Ресейдегі жарыстан екі күміс медаль алды

Айта кетейік, жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрес және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі өтіп жатыр.

Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз екі жүлде еншіледі.

55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова финалға дейін жетіп, ресейлік балуан Александра Скиренкоға жол берді. Осылайша бұрымды балуанымыз жарысты екінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова ақтық сында Светлана Липатовамен (Ресей) кездесті. Белдесуде ресейлік балуан басымдық танытып, жеңіске жетті. Ал Виктория Хусаинова ұлттық құрама қоржынына тағы бір жүлде салды.

Айта кетейік, жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.