Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Парижде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында үздік үштіктен көрінді. 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған ол жұбаныщ финалында кубалық Джонатан Чаронды юко ұпайымен жеңді.
Аман Бақытжан жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Өз тобынан үздік шығып, жартылай финалға дейін жолдама алды. Алайда, отандасымыз жартылай финалда Дильшот Халматовқа (Украина) есе жіберді. Ал іріктеу кезеңінде ол Закари Дижолді (Франция), Мишель Аугустоны (Бразилия), Дэвид Старкелді (Словения) жарыс жолынан шығарған болатын.
Айта кетерлігі, Парижде өтіп жатқан жаңа спорт маусымының алғашқы әлемдік рейтингтік турниріне 78 елден 488 дзюдошы қатысып жатыр.
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы