457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалында белдеседі

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Қазыбек Қалмағанбетов әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандасымыз жарысты іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы белдесуінде Германия өкілі Себастьян Вагнерді 9:0 есебімен техникалық басымдықпен жеңді.

1/8 финалда Қазыбек АҚШ балуаны Амрын Брайан Наттермен кездесіп, негізгі уақытты 1:1 есебімен аяқтады. Белдесу жеңімпазы VPO1 критерийі бойынша анықталып, жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды.

Ширек финалда ол мысырлық Мұхаммед Хасан Ахмед Абдельрахимді 4:1 есебімен жеңді. Белдесу барысында Қазыбек партерде қарсыласын айналдырып ұпай еншілесе, қарсылас бапкерлерінің сәтсіз челленджінен кейін тағы бір ұпайға ие болды.

Жартылай финалда Қазыбек Қалмағанбетов биылғы Еуропа чемпионы, Мажарстан өкілі Петр Житовоозды 7:5 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты.

Финалдық кездесу бүгін Астана уақытымен 20:00-де басталады.

 

Фото: Бірікке күрес әлемі

Ең көп оқылған