Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын жеңіп алды
Қазақстандық балуан Дияр Аманәлі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Венгрия өкілі Кеве Ковачты жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Чемпиондық жолында Дияр Аманәлі Грекия балуаны Николаос Зинисті, Ресей өкілі Эдем Пайзиевті, грузиялық Георгий Кеделидзені және Болгария спортшысы Данимир Йордановты айқын басымдықпен жеңіп шықты.
Сондай-ақ 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әли Алмас әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Финалда ол ресейлік Солтан Юсуповпен белдесіп, 3:8 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы U17 әлем чемпионатындағы жүлделер қорын алтын және күміс медальмен толықтырды.
Фото: UWW
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған