457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда екі жыл ішінде 7 әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады.

Биыл қазан айында еліміз күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаса, 2027 жылы олимпиадалық спорт түрлері бойынша үстел теннисі, дзюдо, бокс, таеквондо, сондай-ақ киберспорт пен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары ұйымдастырылады, деп жазады malimsports.kz
2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады. Атап айтқанда, шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 28-31 қаңтар аралығында, бокстан әлем чемпионаты 10-26 сәуірде, үстел теннисінен әлем чемпионаты 22-30 мамырда, дзюдодан әлем чемпионаты 7-14 маусымда, ал таеквондодан әлем чемпионаты 7-13 шілде күндері өтеді. Киберспорттан әлем чемпионатының нақты мерзімі кейінірек жарияланады.

Ел тарихында алғаш рет еліміз екі жыл ішінде жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл – Қазақстанның спорт инфрақұрылымы мен ұйымдастырушы әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айғақтайтын маңызды жетістік. Сонымен қатар бұл әлемдік спорт қауымдастығы алдындағы зор жауапкершілікті де білдіреді. Әлем чемпионаттарына дүниежүзінің ең үздік спортшылары қатысады деп жоспарланған. Мұндай дүбірлі додалар отандық спорттың дамуына тың серпін беріп, саламатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар ауқымды халықаралық жарыстар оқиғалық туризмнің дамуына, қонақүй бизнесінің жандануына, қызмет көрсету саласы мен инфрақұрылымның дамуына оң әсерін тигізіп, Қазақстанның халықаралық имиджін одан әрі нығайтады, - деп жазылған Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында. 

Бүгінде Қазақстан әлемдік деңгейдегі ең ірі спорт жарыстарын халықаралық стандарттарға сай ұйымдастыра алатын мемлекеттердің қатарына сенімді түрде енгенін атап өткен жөн.

Фото: Ашық дереккөзден