457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан U20 Азия чемпионатын екі күміс, бір қоламен бастады

Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі (U20) спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінің балуандары шықты. Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

77 келіге дейінгі салмақта Бақдәулет Тұрсынбек финалға дейін сүрінбей жеткенімен, шешуші белдесуде өзбекстандық Огабек Аскаралиевке жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

87 келіге дейінгі салмақта Әлихан Тағаев та финалда Қырғызстан өкілі Муслим Мамыровтан жеңіліп, күміс медаль еншіледі.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта Әмірмұхаммед Кабулов қола жүлде үшін өткен белдесуде қырғызстандық Курманбек Алимжановты жеңіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

 

Фото: Біріккен күрес әлемі