457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы U20 Азия чемпионатында үш жүлдеге қол жеткізді

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі (U20) Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шеберлері үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сұңқар Сейдахмет финалға дейін сенімді жетіп, шешуші белдесуде үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскармен күш сынасты. Тартысты өткен кездесуде қарсыласына есе жіберген қазақстандық балуан күміс жүлдені еншіледі.

97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Самир Дурсунов та финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда алтын медаль үшін өткен белдесуде Қытай өкілі Ян Юаньчуннен жеңіліп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Ал 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола медаль үшін болған белдесуде өзбекстандық Амирбек Урдушевтен басым түсіп, Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде салды.

Осылайша, еркін күрестен өткен жарыс күнінде Қазақстан құрамасы екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

 

Фото: Біріккен күрес әлемі