Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде қазақ даласының даңқты батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем кубогі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осылайша, Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем кубогінің соңғы жарыс күні қазақ балуандары 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен аяқтады.
60 келі
І орын - Марат Нығматуллаев (Қазақстан)
ІІ орын - Түғол Канатбекұлы (Қырғызстан)
ІІІ орын - Бағдат Орақбай (Қазақстан)
ІІІ орын - Бекзат Амазбек (Қазақстан)
74 келі
І орын - Жұмажан Қожамбеков (Қазақстан)
ІІ орын - Ерасыл Бақдәулет (Қазақстан)
ІІІ орын - Елбек Тожиев (Өзбекстан)
ІІІ орын - Пурия Асадолла Шокри (Иран)
90 келі
І орын - Хақназар Назаров (Тәжікстан)
ІІ орын - Енбек Сақтағанов (Қазақстан)
ІІІ орын - Ерасыл Мержанов (Қазақстан)
ІІІ орын - Олжас Исаханов (Қазақстан)
+100 келі
І орын - Нұрсұлтан Қабалаң (Қазақстан)
ІІ орын - Мұхтар Дәлелханұлы (Қазақстан)
ІІІ орын - Сардар Әбдисамитұлы (Қазақстан)
ІІІ орын - Придони Шарикадзе (Грузия)
Фото: Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі