Қазақстан құрамасы Моңғолиядағы турнирден 12 медальмен оралды
Қазақстандық балуандар Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнирді 12 медальмен аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Еркін күресте Қазақстан қоржынына үш күміс және төрт қола жүлде түсті. Асыл Айтақын (61 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Шамсат Таир (79 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.
Грек-рим күресінде Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) пен Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) үздік үштікті түйіндеп, Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесіне өз үлесін қосты.
Фото: ҰОК
ӘЧ-2026: Ирак шабуылшысы АҚШ әуежайында жеті сағат бойы тексерістен өтті
Ең көп оқылған