Мәзір
Күрес

Қазақстан құрамасы Албаниядағы рейтингтік турнирді 11 медальмен қорытындылады

Сабина Асқарқызы 110 қаралым
Қазақстан құрамасы Албаниядағы рейтингтік турнирді 11 медальмен қорытындылады

Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир өтті. Дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 11 медаль жеңіп алды, деп жазады malimsports.kz. 

Әйелдер күресінде Зейнеп Баянова (50 кг), Лаура Алмағанбетова (55 кг) және Жәмилә Бақбергенова (72 кг) алтын медаль иеленіп, ел намысын абыроймен қорғады. Ал Нилуфар Раимова (57 кг) мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлдегер атанды.

Грек-рим күресі бойынша Мейіржан Шермаханбет (67 кг) турнир чемпионы атанды. Марлан Мұқашев (55 кг) пен Ернұр Фидахметов (63 кг) үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі.

Еркін күресте Болат Сақаев (86 кг), Азамат Дәулетбеков (92 кг) және Ризабек Айтмұхан (97 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы рейтингтік жарысты 11 медальмен аяқтап, халықаралық аренадағы өз позициясын нығайта түсті.

Фото: UWW

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар