457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан күрес федерациясына жаңа басшы сайланды

Конференция қатысушыларының дауыс беруімен ұйымның жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жылдық қорытынды конференциясы өтіп, онда 2025 жылғы атқарылған жұмыстар сараланып, ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар 2026 жылға арналған міндеттер айқындалып, федерация президентін сайлау рәсімі жүргізілді.

Конференция қатысушыларының дауыс беруімен ұйымның жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды.

Еркін Оқасов туралы мәлімет:

Батыс Қазақстан облысында туған;

Кәсіпкер, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы;

Бұған дейін «Kazaq kuresi» ассоциациясының вице-президенті қызметін атқарған.

Жаңа басшы спорттық менеджменттегі және бизнес саласындағы тәжірибесіне сүйене отырып, күрес түрлерінің дамуына серпін беруді мақсат ететінін айтты. Оның сөзінше:

«Мен қазақстандық спортты әлемге таныту, күрес түрлерінің абыройын түсірмей, керісінше, одан әрі көтеру үшін бар күшімді саламын. Маған сенім артқан барлық жанға үлкен алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңызбен көптеген сынақтан бірге өте алатынымызға сенемін», – деді Еркін Оқасов.

Осылайша, бірнеше жыл бойы Дәулет Тұрлыханов басқарған федерация жаңа кезеңге аяқ басты.