Қазақстан дздошылары Еуропа кубогында екі медаль иеленді
Словения астанасы Любляна қаласында дзюдодан Еуропа ашық кубогы өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп жазады malimsports.kz.
Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Эсмигүл Куюлова финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Медальға дейінгі жолында 5 кездесу өткізіп, 4-еуін жеңіспен аяқтады.
Ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Әлжан Нұрәділ қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жұбаныш финалында Кристофер Веласконы (АҚШ) жарыс жолынан шығарды.
Айта кетерлігі, аталмыш Еуропа ашық кубогына 44 елден 470 дзюдошы қатысып жатыр. Екінші жарыс күні 15 ақпан жалғасады.
Фото: ҚР дзюдо федерациясы
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған