457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қазақстан Барысының» екі дүркін чемпионы Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды

Ол - қазақ күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдо және самбодан спорт шебері. Қазақ күресінен он дүркін Қазақстан чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы.

Президент Әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде Абай облысы әкімінің өкімімен Айбек Серікболұлы Нұғымаров Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Айбек Нұғымаров 1987 жылы Абай ауданының Құндызды ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді маман. Ол Семей политехникалық колледжін «Заңгер» мамандығы бойынша, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қаласындағы Олимпиадалық резервтегі №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. Кейін бұқаралық спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінде аға нұсқаушы-әдіскер қызметін атқарды. 2019-2025 жылдары Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры болды. Ал 2025 жылдан бері Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Айбек Нұғымаров спорттағы жетістіктерімен де кеңінен танымал. Ол – қазақ күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдо және самбодан спорт шебері. Қазақ күресінен он дүркін Қазақстан чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы. Сонымен қатар үш мәрте Әлем кубогының иегері, «Еуразия Барысы» турнирінің төрт дүркін, «Әлем Барысы» турнирінің үш дүркін және «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің екі дүркін чемпионы.

Спортпен қатар қоғамдық-саяси қызметте де тәжірибе жинаған Айбек Нұғымаров республикалық саяси кеңестің және «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі болған. Сондай-ақ VII және VIII шақырылымдағы Абай облыстық мәслихатының депутаты ретінде қызмет атқарған.

Фото: Абай облысының әкімдігі