457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қазақстан барысы" атанған балуан өз жеңісін әкесіне арнайтынын мәлімдеді

Алтын белбеу мен тайтұяқ жүлдесі жыл сайын турнир чемпионына табысталады.

«Қазақстан барысы-2025» турнирінің жеңімпазы Марат Байқамұров бұл жеңісін әкесіне арнайтынын айтты, деп хабарлайды malimsports.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Негізгі мақсат – тайтұяқ алу болды. «Қазақстан барысы» жобасы басталғанына биыл 14 жыл болды. Осы уақытқа дейін Шымкент қаласы алтын тайтұяқ жүлдесін иеленбеген еді. Бұл жүлденің біз үшін орны ерекше, себебі бұл жүлдені алу оңай болған жоқ, - деді Марат Байқамұров «Jibek Joly» телеарнасындағы «Бүгін LIVE» бағдарламасында.

Айта кетейік, алтын белбеу мен тайтұяқ жүлдесі жыл сайын турнир чемпионына табысталады. Ол тек үш рет «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алған спортшы ғана оны өзінде қалдыра алады.

Балуан өз сөзінде жеңісін әкесіне арнағанын атап өтті.

«Әскер барысынан» кейін «Қазақстан барысындағы» жеңісімді әкеме арнадым. Ол кісі өзі де спортқа жақын адам. Ешқашан мені белгілі бір бағытқа үгіттеген емес, бірақ спортпен айналысуымды әрқашан қолдап келді, - дейді спортшы.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы