Қазақстан балуаны Моңғолиядағы жарыстың финалына дейін жетті
Моңғолия астанасында өткен халықаралық Ulaanbaatar Open рейтингтік турнирінде қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек күміс медаль жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде 20 жастағы қазақстандық балуан үндістандық Динешке қарсы күресті.
Тартысқа толы кездесуде тәжірибелі үндістандық спортшы 2:0 есебімен басым түсіп, чемпион атанды. Осылайша Едіге Қасымбек турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Сондай-ақ, 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін екі қазақстандық балуан – Шамсат Тайыр мен Нұрдәулет Қуанышбай өзара күш сынасты.
Қазақстандық дербиде Шамсат Тайыр 5:4 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Осылайша Ulaanbaatar Open турнирінде қазақстандық балуандар тағы бір мәрте халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Фото: UWW
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған